Алматы-Өскемен трассасында 7 адам қайтыс болды

9182

Жеңіл автокөлік жол шетінде тұрған жүк көлігін соққан.

Алматы-Өскемен трассасында 7 адам қайтыс болды

Республикалық маңыздағы Алматы – Өскемен тасжолының 342 шақырымында көлік апаты болып, 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметіне сілтеме жасап.

Апат 14 ақпан күні болған. Әзірге бар ақпараттарға сүйенсек, Nissan Qashai көлігінің тізгініндегі адам рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігін барып соққан.

"Жол апатының салдарынан 7 адам ("Nissan" көлігіндегі 4 жолаушы мен жүргізуші, "Volvo" жүк көлігіндегі жүргізуші мен 1 жолаушы) мерт болды. Оқиға орнында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, Ақсу айдандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. "Көлік жүргізушінің жол ережесін немесе  көлік айдау ережесін сақтамауы" бабы бойынша тергеу басталды", – деп жазады департаменттің баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу