Алматыда балаларға спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік бар

157

Қабылдау кезінде баланың жасы, дайындығы мен қабілеті ескеріледі.  

Алматыда балаларға спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік бар Фото: lucky-child.com

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматыда балаларды спорт мектептеріндегі тегін секцияларға қабылдау жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ата-аналар баласына спорттың бағытын таңдап, Алматы қаласы Спорт басқармасына қарасты спорт мектептеріне өтініш бере алады. Мұнда бокс, дзюдо, күрес, таеквондо, жүзу, гимнастика, жеңіл және ауыр атлетика, семсерлесу, хоккей, баскетбол, волейбол, шахмат және басқа да спорт түрлері бар.

Жаттығуларды білікті жаттықтырушылар өткізеді. Балаларды қабылдау кезінде олардың жасы, дене дайындығы мен қабілеті ескеріледі.

Айта кетейік, әр спорт мектебінде қабылдау жасы, іріктеу талаптары мен шарттары әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан құжат тапсырмас бұрын таңдаған спорт мектебіне хабарласып, қабылдау жасы, жаттығу кестесі, іріктеу күні және қажетті құжаттар тізімін нақтылау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу