banner

Алматыда қасақана адам қаққандар 7 жылға сотталуы мүмкін

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға түскен. 

Алматыда қасақана адам қаққандар 7 жылға сотталуы мүмкін

Алматы қаласы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі желіде тараған бейне жазбаға қатысты ресми ақпарат берді.

Бүгін желіде көлікпен қасақана адам қаққандардың видеосы пайда болды. Алматы қаласы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы 26 тамыз күні таңғы сағат 5:00 шамасында Алматының Бостандық ауданындағы Гагарин мен Левитан көшелерінің қиылысында орын алған. Қазірге белгілісі, көңіл көтеру орындарынан шыққан екі топ бір-бірімен сөзге келіп қалған.

"Ерегіскен екі тараптың бірі қарсылас топты қасақана көліктерімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдіктілердің аты-жөндері анықталды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 293- бабы - бұзақылық, 345-бабы 2-бөлімі – жол-көлік ережесін бұзу және 347-бабы - ЖКО болған жерден қашып кету  бойынша іс қозғалды. Аталған үш бап бойынша қылмыстары дәлелденсе, күдіктілер 7 жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айырылады. Күдіктілер спирттік ішімдік қолданды деген деректер де бар. Қазір криминалдық полиция басқармасының ізкесушілері оларды іздеуге кірісіп кетті. Бірнеше сағаттан соң ұсталады деп болжап отырмыз",- деді  Алматы қаласы ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекқызы.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға түскен. Дәрігерлер олардың жағдайлары орташа екенін айтты.

"Бүгін таңертең 1991 жылғы екі жігіт орта деңгейлі жарақаттармен ауруханамызға түсті. Біріншісі, мидың шайқалуы мен жабық бас-ми жарақатын алған. Шамамен 10 күн ем қабылдайды. Екіншісі, ашық ми, түрлі деңгейде қол-аяқ жарақатын алған, төбе сүйегі кіріп кеткен. Ол 14 күндей ем қабылдайды. Екеуіне де ота жасаудың қажеті жоқ. Емделушілер ретрогратты амнезия  алғандықтан, соңғы деректер естерінде жоқ",- дейді дәрігер-нейрохирург Карина Гаитова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу