Алматыда күрделі жүрек операциялары тікелей эфирде көрсетілді

319

Шеберлік сағатының негізгі бөлігі ретінде Орталықтың кардиохирургтары нақты уақыт режимінде LIVE-операциялар өткізді. 

Алматыда күрделі жүрек операциялары тікелей эфирде көрсетілді Фото: canva

Алматы қаласы  Қалалық кардиологиялық орталығы  базасында миниинвазивті кардиохирургия (MICS) бойынша шеберлік сағаты сәтті өтті. Іс-шараға Орал, Ақтау, Павлодар, Шымкент, Астана, Семей, Өскемен, Талдықорған, Көкшетау, Алматы және Ақтөбе қалаларынан келген 69 кардиохирург пен перфузиолог қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Іс-шара аясында митралды қақпақшаның миниинвазивті пластикасы, аорталық қақпақшаны (Perceval) протездеу және жүрекшелер аралық перде ақауын пластикалау операциялары сәтті орындалды.

"Қатысушылардың ерекше қызығушылығын операциялық топтың жұмысын тікелей эфирде бақылау мүмкіндігі тудырды. LIVE-операциялар барысында кардиохирургтар хирургиялық тактика, пациенттерді іріктеу критерийлері және MICS саласындағы заманауи тәсілдер бойынша тәжірибе алмасып, белсенді пікірталас жүргізді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Орталық кардиохирургтарының үйлесімді командалық жұмысына ерекше назар аударылды. Бұл жоғары кәсіби өзара әрекеттестікті, дәлдік пен операцияның барлық кезеңдеріндегі үйлесімділікті көрсетті.

Шеберлік сағаты аясында миниинвазивті кардиохирургияны дамыту, трансөңештік эхокардиографияның (ЧПЭхоКГ) рөлі, анестезиологиялық қамтамасыз ету және кардиохирургиядағы заманауи трендтер тақырыптарында сараптамалық баяндамалар ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу