Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

214

Сайысқа 25 елден 150-ге жуық спортшы қатысады.  

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді Фото: olympic.kz

7-10 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир – Денис Тен Мемориалы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биылғы жарысқа 25 елден 150-ге жуық спортшы қатысады. Олар жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанау, сондай-ақ мұздағы би бағдарламаларында бақ сынайды.

Халықаралық турнир Алматыдағы Halyk Arena мұз айдынында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, жарыс Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихында өзіндік із қалдырған, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің құрметіне өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу