Алматыда таеквондодан ересектер арасында ел чемпионаты басталды

137

Шараға 350-ге жуық таеквондошы қатысады.

Алматыда таеквондодан ересектер арасында ел чемпионаты басталды Фото: gov.kz

Бүгін Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында таеквондодан (WT) ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент қаласы мен еліміздің 17 облысынан 350-ге жуық спортшы жиналды. Жалпы ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақта жүлдегерлер анықталады.

Жарыста әлем және Азия чемпионатының жүлдегерлері мен халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген үздік спортшылар да бақ сынап жатыр.

Бүгін мына салмақтағы бәсеке басталды:

  • Ерлер: −54, −58 келі
  • Әйелдер: −49, −73, +73 келі

Чемпионат 6 қараша күні өз мәресіне жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу