Алматыда тегін жүгіруге арналған жаттығулар өтеді

270

Жаттығуларға жаңадан бастағандар да, тәжірибелі жүгірушілер де қатыса алады.  

Алматыда тегін жүгіруге арналған жаттығулар өтеді Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда жүгірумен тегін айналысуға мүмкіндік бар. Қалада әуесқойлар мен тәжірибелі спортшыларға арналған тұрақты жаттығулар ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орталық стадионда "Бірінші болу батылдық" корпоративтік қорының бастамасымен сәрсенбі және сенбі күндері тегін жүгіру жаттығулары өтеді. Қатысушылар кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен жүгіру техникасын жетілдіріп, жүктемені дұрыс бөлуді үйренеді. Алдын ала тіркелудің қажеті жоқ. Жаттығудың нақты уақыты Openrunam Telegram арнасында жарияланады.

Community Almaty Run аясында әр жексенбі сайын қаланың әртүрлі бағыттарында тегін жүгіру жаттығулары ұйымдастырылады. Қатысушылар өзіне ыңғайлы қашықтық пен қарқынды таңдай алады. Жаттығудан кейін дайындық, қалпына келу, дұрыс тамақтану және жарақаттың алдын алу тақырыптарында ашық дәрістер өткізіледі. Кесте Runalmatymarathon Telegram арнасында жарияланады.

Жаттығуға қатысу үшін ыңғайлы спорттық киім, жүгіруге арналған аяқ киім және жеткілікті мөлшерде су қажет.

Айта кетейік, 27 қыркүйекте Алматыда 15-ші мерейтойлық Almaty Marathon өтеді. Жарысқа 60-тан астам елден 16 мың қатысушы келеді деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу