Алматыда WTT Contender 2026 турнирінде үстел теннисінің дамуына үлес қосқан спорт қауымдастығы марапатталды

388

Қазақстан үстел теннисі федерациясының Құрмет грамоталары мен медальдарына жаттықтырушылар, спорт ардагерлері, төрешілер, серіктестер мен демеушілер ие болды. 

Алматыда WTT Contender 2026 турнирінде үстел теннисінің дамуына үлес қосқан спорт қауымдастығы марапатталды Фото: ҚР үстел теннисі федерациясы

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші үстел теннисі шеберлерінің қатысуымен өткен WTT Contender Almaty 2026 халықаралық турнирінің қорытынды күнінде Қазақстан Республикасында осы спорт түрін қолдау мен дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан үстел теннисі федерациясының Құрмет грамоталары мен медальдарына жаттықтырушылар, спорт ардагерлері, төрешілер, серіктестер мен демеушілер ие болды. Олар көптеген жылдар бойы спорттық бастамаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, ірі жарыстарды ұйымдастыруға атсалысып, болашақ чемпиондарды даярлауға қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруға үлес қосып келеді.

Соңғы жылдары Қазақстанда үстел теннисі айтарлықтай дамып, өз позициясын нығайтты. Өңірлерде мамандандырылған орталықтар ашылып, даярлау жүйесі жетілдірілуде, спортпен шұғылданушылар саны артып келеді. Сонымен қатар ұлттық құрама мүшелері халықаралық деңгейдегі ең беделді жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп жүр.

Федерация қызметінің негізгі бағыттарының бірі – World Table Tennis аясындағы халықаралық турнирлерді өткізу. Алматы қаласы әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдайтын беделді алаң ретінде өзін танытып үлгерді. Мұнда атақты спортшылар, Олимпиада жүлдегерлері және ірі халықаралық турнирлердің жеңімпаздары тұрақты түрде бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу