Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа стадион салынады

418

Стадион Құлжа мен Талғар тасжолдарының арасында салынады.    

Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа стадион салынады Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында жоба барысымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа арена 35 мың көрерменге есептеліп, УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай келеді.

Жоба аясында жаттығу алаңдары, жанкүйерлерге арналған демалыс орындары, заманауи қауіпсіздік жүйелері және аумақты абаттандыру қарастырылған.

Стадион Құлжа мен Талғар тасжолдарының арасында, аумағы шамамен 15 гектар жерде салынады.

Бұл аумақ болашақта қала үшін көлік-логистикалық хабқа айналып, көрермендер мен қонақтарға барынша ыңғайлы жағдай жасамақ.

"Президенттің тапсырмасына сәйкес жұмысты жеделдетуіміз қажет. Келер жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталуы тиіс", – деді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ, 65 жылдан астам тарихы бар Орталық стадион сақталып, жеңіл атлетика инфрақұрылымы ескеріле отырып жаңғыртылады.

Нысан Алматы спорт тарихының бір бөлігі болып қала бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу