Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды

827

Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сонымен қатар, Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. 

Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды Фото: Алматы әкімдігі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

Комиссия құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді.

Сонымен қатар, комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.

Айта кетейік, үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу