90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы алғашқы кездесуінде мексикалық Рамиро Нуньесті 5:0 есебімен жеңді.
Ширек финалда Еркетаң Германия боксшысы Йоан Эрнандеспен қолғап түйістіріп, 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша, жартылай финалға шығып, кемінде қола медальді қамтамасыз етті.
Алайда финалға жолдама үшін өткен жекпе-жекте украиналық Владислав Науменкоға 1:4 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде алматылық спортшы әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.
World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен әлем біріншілігі 16-27 қазан аралығында өтті. Дүбірлі додаға 69 ұлттық федерациядан 474 боксшы қатысты.