Алматылық "Қайрат" Лиссабонға тарихи матчқа жол тартты

109

Лиссабонға дейін "Қайрат" шамамен 7000 шақырым жолды еңсереді.

Алматылық "Қайрат" Лиссабонға тарихи матчқа жол тартты

Алматылық "Қайрат" Лиссабонға жол тартты. Дәл осы қалада команда УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы негізгі кезеңнің алғашқы кездесуін өткізеді. Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын алматылықтар "Спортингке" қарсы алаңға шығады.

Ойын 18-нен 19 қыркүйекке қараған түні "Жозе Алваладе" стадионында өтеді. 50 мыңнан аса жанкүйер сыятын аренадағы матч Қазақстан уақытымен түнгі 00:00-де басталады. Бұл "Қайрат" тарихындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойын болмақ.

Қарсылас – Португалия футболының алыптарының бірі, 21 мәрте ел чемпионы атанған, 18 рет Кубок жеңіп алған, 8 мәрте Суперкубок иеленген және 4 мәрте Лига кубогында топ жарған "Спортинг".

Жалпы кезеңде "Қайрат" 8 ойын өткізеді – төртеуі өз алаңында, төртеуі сыртта. Плей-оффқа жалпы кестедегі алғашқы сегіз команда тікелей жолдама алады. Ал 9-24 орындардағы клубтар өзара қосымша кездесу өткізіп, келесі кезеңге берілер жолдаманы сарапқа салады. Осы матчтарда жеңілген ұжымдар, сондай-ақ 25-36 орынға тұрақтаған клубтар еурокубоктағы маусымын аяқтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу