Алматылық "Қайрат" ресейлік футболшыны сатып алды

1985

"Қайрат" футбол клубы 20 жасар ресейлік шабуылшы Кирилл Колесниченкомен ресми келісім-шарт жасады.

Алматылық "Қайрат" ресейлік футболшыны сатып алды

Кирилл Волгоград облысындағы Камышин деп аталатын шағын қалашықта дүниеге келген. Ол 11 жасында Мәскеуге қоныс аударып, "Чертаново" футбол мектебінде жаттығады.

2018-жылы Колесниченко Ресей Премьер-лигасында "СКА-Хабаровск" командасының сапында "Оралға" қарсы ойында алғаш рет алаңға шықты. Кейін "Чертановоға" қайта оралады. 2018-2019 жылғы маусымда 30 кездесуде 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас шығарған.

Алматылық клуб пен ресейлік шабуылшы Кирилл Колесниченко арасындағы келісім-шарт 3 жылға жасалды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу