Алматылық жас шахматшылар Испанияның Рокетас-де-Мар қаласында өткен ФИДЕ әлем чемпионатында алтын, күміс және қола медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
13 жасқа дейінгі санатта Данис Қуандықұлы 11 ұпайдың 10,5-ін жинап, алтын медаль жеңіп алды. Осылайша ол үш дүркін әлем чемпионы атанды. Бұған дейін шахматшы 2023 және 2025 жылдары да әлем біріншілігінде топ жарған.
15 жасқа дейінгі санатта Алдияр Жарас 8 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Ал 17 жасқа дейінгі қыздар арасында Мария Холявко 8,5 ұпаймен қола медаль жеңіп алды.
Чемпионатқа 82 елден 721 шахматшы қатысты. Қазақстан құрамасы жарысты 13 медальмен аяқтады. Оның жетеуі – алтын, екеуі – күміс, төртеуі – қола.