2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында алматылық спортшылар халықаралық және республикалық жарыстарда 2 230 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жүлделердің ішінде әлем чемпионаттарының 60 медалі, Азия чемпионаттарының 105 жүлдесі және Қазақстан чемпионаттарының 2 065 медалі бар.
Биыл алматылық спортшылар бірнеше тарихи жетістікке де қол жеткізді. Атап айтқанда, олар спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңдерінде және стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальдарды жеңіп алды. Сонымен қатар семсерлесу, шахмат, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлерінде жоғары нәтиже көрсетті.