Алматының жаңа әкімі қала тұрғындарына үндеу жасады

397

Дархан Сатыбалды Instagram желісіндегі парақшасында алматылықтарды бірігіп жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматының жаңа әкімі қала тұрғындарына үндеу жасады Фото: Алматы қаласы әкімдігі

"Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламыздың болашағына қатысты бірқатар маңызды тапсырма жүктеді. Тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, қаланың инфрақұрылымын кешенді жаңғырту, жол-көлік жүйесін жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу мен экономиканы әртараптандыру – алдағы жұмысымыздың басты бағыттары болмақ", – деп жазды ол.

Сонымен қатар қала әкімі өзі айтқан басым бағыттарды кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге асыратынын айтты.

"Алматы – арман мен мүмкіндіктер мекені. Бұл шаһарға шынайы жанашырлықпен, тың серпінмен, нақты іспен қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірігіп, тізе қосып еңбек етсек, ару қаламызды одан әрі көркейте аламыз. Әсем Алматының әрбір көшесі мен әр тұрғыны үшін нақты өзгерістер жасау, аянбай қызмет ету – біздің басты міндетіміз", – делінген әкім жазбасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу