Хорватия астанасы Загребте 13-21 қыркүйек аралығында күрес түрлерінен жылдың басты бәсекесі – әлем чемпионаты өтуде. Бүгін грек-рим күресінен сайыстар басталды.
Спортшыларымыз арасынан бозкілемге алғашқы болып шыққан Альмир Төлебаев іріктеуде қарсыласы үндістандық Рахулды 7:1 есебімен жеңіп, 1/8 финалға шықты. Келесі қарсыласы молдовалық Михаил Брад.
Сондай-ақ бүгін Демеу Жадыраев (77 кг), Марлен Мукашев (55 кг), Әлімжан Сыздықов (130 кг) сынға түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу