Алтын Орда туралы құнды еңбек қазақ тілінде жарық көрді

183

Осы ретте Вице-президент Ерлан Қарин тарихшымен кездесті.   

Алтын Орда туралы құнды еңбек қазақ тілінде жарық көрді Фото: kaz.inform.kz

Танымал француз тарихшысы Мари Фавероның "Алтын Орда" кітабы қазақшаға аударылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, іргелі еңбекті шығаруға белгілі баспагер Раиса Қадыр мұрындық болған.

– Әлемдік классикамен қатар, ғылыми, тарихи, публицистикалық бестселлерлердің де ана тілімізге көптеп аударылып жатқаны қуантады. Танымал француз тарихшысы Мари Фавероның қазақ тілінде шыққан "Алтын Орда" кітабы да оқырманның үлкен олжасына айналады деп сенемін. Іргелі еңбекті шығаруға белгілі баспагер Раиса Қадыр мұрындық болғанын атап өткен жөн. Бұл туындының төл тіліміздегі нұсқасымен осыған дейін мұқият танысып шыққам. Енді, міне, автордың өзімен жолығып, кеңінен әңгімелесіп, тарих жайында пікір алмасуға мүмкіндік туды,–  деп жазды Ерлан Қарин Instagram-дағы парақшасында.

Вице-президент жуық арада жарыққа шығатын Қазақстан тарихының көптомдық жаңа академиялық еңбегінде алғаш рет Алтын Орда кезеңіне бөлек том арналатынын айтты.

– Мемлекет басшысы айтқандай, біз — Алтын Орданың тікелей мұрагерлерінің біріміз. Сондықтан бұл тақырып бізге қай жағынан болсын қызықты. Оның үстіне, жуық арада жарыққа шығатын Қазақстан тарихының көптомдық жаңа академиялық еңбегінде алғаш рет Алтын Орда кезеңіне бөлек том арналды, – деп түйіндеді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу