"Алтын сапа" сыйлығының лауреаттары марапатталды

1985

4 аталым ойынша үздіктер белгілі болды.  

"Алтын сапа" сыйлығының лауреаттары марапатталды

Қазақстан Президентінің "Алтын сапа" сыйлығына ие болған үздіктерді марапаттау шарасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министр Асқар Маминнің, "Атамекен" ҚР ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің қатысуымен өтті.

Жеңімпаздар "Үздік өндірістік кәсіпорын",  "Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын",  "Үздік қызмет көрсететін кәсіпорын",  "Азық-түлік тауарлары мен ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы үздік кәсіпорын" аталымдары бойынша  лаурает атанды. Сыйлық ірі, орта және шағын кәсіпкерлік  санаттары бойынша үлестірілгенін айта кету керек.

 Бұлардың сыртында "Үздік индустриялық жоба", "Үздік инновациялық жоба" арнайы сыйлықтары берілді. "Ұлы дала бренді" және "Іскер" арнайы сыйлығының 2020 жылғы лауреаттары да осы шарада анықталып, Supplier of the Year – 2020 байқауының "Бизнес кемелділік" сыйлығы табысталды.

Жалпы бұл  байқау 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішіндегі еліміздің 2 200-ден астам кәсіпорыны қатысыпты.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алу байқауы лауреаттарының тізімі    

Есімжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу