Алтынның орнына алтынкоин

2955

ZION.SITY операциялық жүйесін жасаушылар Қазақстанда алтынкоин цифрлы валютасын енгізуді ұсынып отыр.

Алтынның орнына алтынкоин

Жобаның бастамашылары болашақ цифрлы ақша бірлігін алтынкоин деп атаған. Ол биткоин мен ЕАЭО елдерінде бірыңғай валюта етіп жасауды Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған алтынның қосындысы іспеттес. ZION.SITY жобасының бас сәулетшісі Роберта Орландо Бекарияның пікірінше, цифрлы валюта жасауға ақша басып шығарумен салыстырғанда әлдеқайда аз қаржылы ресурс қажет етіледі әрі электрондық төлем жүйесі түрлі елдердегі азаматтар мен ұйымдар арасындағы ақша операцияларын тез жасауға мүмкіндік береді. Жаңа цифрлы ақша бірлігін E-Altyn және Cryptopoint алаңдарында қазірдің өзінде пилоттық режимде байқап көруде. Жобаны жасаушылардың пайымынша, алтынкоинды 2018 жылы жұмысын бастағалы отырған "Астана" халықаралық қаржы орталығында кең көлемде қолдануға болады екен. Almaty Venture Capital-дың инвестиция жне маркетинг жөніндегі директоры Айдар Қайырбаевтың сөзінше, АХҚО ағылшын құқығы негізінде жұмыс істемек, бұл заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға жаңа төлем жүйесін пайдалануға мүмкіндік береді. Қайырбаевтың мәлімдеуінше, алтынкоинды медицина, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында, сондай-ақ қызмет саласында пайдалану көзделуде.

Жаңа цифрлы валютаны енгізу үшін Бекария мырза ZION.SITY жүйесін пайдалануды ұсынады. Ол қазір жасанды интеллекті бар орталықсыздандырылған операциялық жүйе. Аталмыш операциялық жүйе заттар Интернетіне –  нақты нысандардың, әсіресе бір-бірімен өзара және сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау үшін кіріктірілген технологиялармен жарақтанған есептегіш жүйелерінің концепциясына тікелей байланысты.

"ZION.SITY – барлық, мейлі нақты, мейлі вируалды болсны қызмет түрлерін орналастыруға арналған әлеуметтік желі, әрі мессенджер, әрі жарнама алаңы, әрі заттарды сату мен айырбастау дүкені, сондай-ақ e-bay, eCommerce принципі бойынша кіріктірілген модулі бар цифрлы контентке арналған портал және OLX пен Craigslist принципі бойынша хабарландыру тақтасы. Төлем жүйесі ҚР заңнамасына сай келеді, өйткені ол Webmoney және биткоинның қосындысы. Пайдаланушылар үшін де, сондай-ақ корпорациялар үшін де іздеу жүйесі бірнеше есе тиімді, сондықтан Coogle іздеу жүйесін алмастыра алады", – деп мәлімдеді Бекария мырза.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде компания ICO-ға шығудың арқасында жобаға бес миллион доллар тарта алған. Алдағы уақытта тағы да 10 миллион доллардай тарту көзделіп отыр. Бекария мырзаның өзі жобаға 750 мың доллар құйған. Ол осынау өршіл мақсаттарына жету үшін баспанасын сатқанын да айтады.

Болжам бойынша, Alt бірлігін цифрлы бірліктер биржасында саудалайтын болады. Қайырбаев мырзаның сөзінше, аталмыш биржалық саудалардың арқасында инвесторлар пайда таба алады. сонымен қатар, тәуелсіз сатушылардан 10-30% комиссия алған жағдайда авторлық цифрлы контент саудасы жолға қойылмақ, сондай-ақ мерчант үшін (тауар үшін төлем жасау механизмін пайдалану қызметі) 1% ұсталатын болады.

Жобаны әзірлеушілер алтынкоиннің сатылымы 2019 жылға қарай шет елдерде біртіндеп танымалдылыққа ие бола бастайтынына сенімді. Цифрлы бірлік биржаларындағы олардың құны өсе бермек. Бұл ретте интернеттегі заттар алаңы медициналық және білім беру қызметтерінің құнын төмендетеді.

"Медицина қызметкерлерінде пациенттермен жұмыс тәжірибесі жинақталатын база пайда болады. Журналистер контентті сүзгіден өткізуге мүмкіндік беретін жаңа әрі сапалы құралдарға ие болмақ. Өзге салаларда жаңа технологияларға жол ашылады. Біз тың жаңалықтар жасайтын, келіссөздер жүргізетін құралдар әзірледік. Машина ақпаратты сараптамадан өткізеді және бұл тәжірибе сақталады", – деді Роберта Орландо Бекария.

Ол электронды ақша нарығындағы алғашқы көшбасшылардың қатарында E-Gold және Liberty Reserve компаниялары болғанын еске салды. Қос компанияны да АҚШ үкіметі жауып тасдады. Мұндай қадамға баруға компаниялар қаржысының заңға қайшы келетін мақсаттарға, яғни терроризмге, екірткінің заңсыз айналымына, балалар порнографиясына және қаруды заңсыз сатуға жұмсалғандығы басты себеп болды. Роберта Орландо Бекарияның айтуынша, ZION.SITY мұндай олқылықтардың алдын алады.   

Еркебұлан Қыздарбек, Римма Гахова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу