Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен екі дүркін әлем чемпионы жартылай финалда Вьетнам өкілі Зи Там Нгуенмен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер 5:0 есебімен вьетнамдық боксшының пайдасына шешім шығарды.
Осылайша Алуа Балқыбекова Азия ойындарындағы алғашқы медалін жеңіп алды. Ол бұл бәсекеге мансабында алғаш рет қатысып отыр.
Қазақстан құрамасы сапынан алда Наталья Богданова (75 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі) және Төрехан Сабырхан (70 келі) шаршы алаңға шығады.