Amazon компаниясының негізін қалаушы "Ливерпульдің" үлесін сатып алды

228

Бұл – оның спорт клубына жасаған алғашқы инвестициясы.

Amazon компаниясының негізін қалаушы "Ливерпульдің" үлесін сатып алды Фото: BILD

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Джефф Безос енді ағылшынның "Ливерпуль" футбол клубының 30 пайыздық үлесіне ие. Инвестордың клубқа қосылуы мүмкін деген ақпарат бірнеше апта бойы айтылып келген еді. Енді команданың өзі мәміленің жасалғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.

Келісімге сәйкес, миллиардер британ-үнді кәсіпкері Амит Бхатиямен оның 1892 Holdings компаниясы арқылы жұмыс істейді. Бхатия "Ливерпуль" клубы төрағасының орынбасары қызметіне де тағайындалады.

BBC мәліметінше, "Ливерпульдің" америкалық иесі Fenway Sports Group (FSG) клубтағы 30 пайыздық үлесі үшін 1,5-1,8 млрд еуро аралығында қаржы алады. FSG тарихи клубты 2010 жылы шамамен 350 млн еуроға сатып алған. Компания президенті Майк Гордон бұл инвестицияны "клубтың ұзақ мерзімді болашағын ескере отырып қабылданған шешім" деп атады.

Безос клубта ешқандай басқарушылық қызмет атқармайды. Қазір миллиардер әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде үшінші орында тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу