Америкалық рэпер Канье Уэст 10 және 11 қазанда Санкт-Петербург қаласында екі концерт өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.
Ресейлік саясаткерлер Канье Уэстің Ресейде концерт беру жоспарын қолдап отыр. Мемлекеттік Дума депутаты Николай Новичков батыс өнерпаздарынан Ресейге қолдау көрсетуді талап етті.
"Егер Канье Уэст мұны жасамаса, оның концерттерін тоқтату мәселесін көтеремін", – деді ол.
Рэпер осы уақытқа дейін Украинадағы соғысты ашық қолдаған жоқ, алайда оған қарсы екенін де мәлімдеген емес.
Соңғы жылдары америкалық рэпердің Еуропадағы бірнеше концерті антисемиттік көзқарастары, Адольф Гитлерді мадақтауы және нацистік символиканы қолдануына байланысты тоқтатылған. Қаңтарда Уэст өз мәлімдемелерінің бір бөлігі үшін кешірім сұрады.