Әмір Омарханов Australian Open турнирінің бірінші ракеткасын ұтты

435

16 жастағы Омарханов жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық біріншілігінің алғашқы айналымында тамаша жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әмір Омарханов Australian Open турнирінің бірінші ракеткасын ұтты Фото: ktf.kz

Жарыстың алғашқы кезеңінде қазақстандық теннисші турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген италиялық Федерико Чиноймен сынға түсті.

Матч 0:6, 6:3, 6:3 есебімен аяқталды. Бұл Әмірдің Федериконы екінші рет жеңуі.

Қос теннисші арасындағы алғашқы кездесу 2023 жылдың қарашасында жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогінің финалдық кезеңінде өткен болатын.

Айта кетейік, Омарханов жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 26-орында. Ол Петр Нестеровтың жетекшілігімен жаттыққан, Қарағанды теннис мектебінің түлегі.

Әмір қазір Белградтағы Янко Типсаревич академиясында шеберлігігін шыңдауда. Қазақстандық теннисшіні Неманья Лалич жаттықтырады. ITF Juniors турнирлерінде жекелей және жұптық сайыстарда 5 рет жеңіске жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу