Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты

237

17 жасар қазақстандық теннисші таяуда ғана кәсіпқой теннисшілер қауымдастығына (ATP) қосылып, әлемдік рейтингте 1241-орынға жайғасты. 

Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Монастирде өтіп жатқан ITF M15 сериялы турнирінде сәтті өнер көрсетуде. 

Екінші айналымдағы матчта ол тунистік спортшы Азиз Оуаканы жеңді.

Алғашқы сет 6:3 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. Екінші партияда Омарханов 3:0 есебімен алға шыққан сәтте қарсыласы кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, біздің спортшы жарыстың ширек финалына жолдама алды.

17 жастағы қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы германиялық Лука Виденманн. Ширек финалдық матч бүгін  26 қыркүйек күні өтеді.

Әмір Омарханов еліміздің болашағынан зор үміт күттіретін теннисшілерінің бірі саналады.

Ол бұған дейін жасөспірімдер мен ересектер арасындағы ITF турнирлерінде жеңіске жетіп, кәсіби жарыстарда тәжірибе жинақтап келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу