Аналардың өмірін құтқаруға арналған киім

204

Қазақстанда барлық перзентханалар мен жедел жәрдем қызметтері шокқа қарсы киіммен жабдықталды, бұл дәрігерлерге уақыт ұтуға және босану кезінде әйелдердің өмірін құтқаруға көмектеседі.

Аналардың өмірін құтқаруға арналған киім

Қазақстанда ана өлімі азайып келеді. Ведомствоның ресми сайтында жарияланған Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы бұл көрсеткіш 12%-ға төмендеді, ал 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында тағы 10%-ға төмендеді. Сарапшылардың айтуынша, бұл кешенді шаралардың: клиникалық хаттамаларды жаңартудың, перзентханаларды жабдықтаудың және мамандардың біліктілігін арттырудың нәтижесі.

Әлемде жыл сайын мыңдаған әйел босанғаннан кейін қан кетуден – ана өлімінің басты себептерінің бірінен қайтыс болады. Бұл мәселе әсіресе мамандандырылған көмек алыс орналасқан және әрбір минут маңызды болатын өңірлерде өткір болып тұр.

2024-2025 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің бастамасымен Қазақстанның барлық босандыру ұйымдары мен жедел жәрдем станцияларын пневматикалық емес шокқа қарсы киіммен (NASG) жарақтандыру бойынша ауқымды жоба іске асырылды.

AYALA қайырымдылық қоры серіктестерімен – PTC Holding, VILED, Alstom, "Кайнар-АКБ", Caspian Offshore Construction, DSF, E&Y, ArtStone, Mamma Mia Group, Baby goat, "Б.И.Г. Флоринг", St. Regis, Ritz Carlton Almaty, Ritz Carlton Astana, Sheraton қонақ үйлерiмен және компанияларымен бірге, Benevity және TOOBA халықаралық краудфандингтік платформалары арқылы, Kaspi Bank арқылы қайырымдылық жарналары арқылы еліміздің барлық өңірлеріне 350 дана пневматикалық емес шокқа қарсы киім берді. Жобаның жалпы құны 22 миллион теңгеден асты.

Қазақстанда осы жаңа медициналық құралдың дұрыс және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қор барлық облыс орталықтарында акушер-гинекологтар мен жедел жәрдем дәрігерлеріне арналған оқыту шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Сабақтарды профессорлар, медицина ғылымдарының докторылар Гаури Биллахановна Бапаева және Гүлжахан Қашқынбайқызы Омарова Астанадағы UMC клиникасының "Ана мен бала орталығының" жүргізді. Бір жыл ішінде олар 20 қалада болып, акушерлер мен жедел жәрдем фельдшерлерінің бала туғанда қан кетумен күрестегі білімдері мен практикалық дағдыларын өзектендірді.

Жезқазған қаласындағы Облыстық көпсалалы аурухананың тәжірибесінде болған жағдай. Ұлытау облысына AYALA қайырымдылық қоры серіктестерімен – Big Floring және VILED компанияларымен бірге шокқа қарсы 8 костюмді тапсырды. Бұл жас әйелдің өмірін сақтап қалды.

"Біздің пациенттің алғашқы жүктілігі преэклампсия – ана мен баланың денсаулығына қауіп төндіретін қан қысымының көтерілуімен байланысты қауіпті асқыну аясында болды. Босанғаннан кейінгі кезеңде одан қан кете бастады. Бұл жағдайда бізге шокқа қарсы киімдер көмектесті. Оны қолдану кезінде әйелдің жалпы қан шығыны 1200 миллилитрді құрады, бұл ауыр деңгейге жатады. NASG көмегімен біз оның қан қысымын көтеріп, жүрек пен миды қанмен қамтамасыз еттік, қан жоғалтуды төмендеттік және терапияны бастау үшін жалпы жағдайын тұрақтандырдық. Қазір бұл жас ана баласымен бірге аман-есен үйіне шығарылды", – деп хабарлады ауруханадан.

Мамыр айында "103" шұғыл қызмет пультіне Абай облысындағы Саржал ауылынан шақыру келіп түсті: босанғаннан кейінгі қан кетуі туралы хабарланды. Әйелді құтқару үшін Абай аудандық ауруханасынан жедел бригада шықты. Жедел жәрдем дәрігерлері Benevity платформасындағы қайырымдылық жарналарының арқасында AYALA қоры осы салаға бере алған шокқа қарсы киімді қолданды.

"Акушерлік қан кетумен күрестің бұл инновациялық әдісі дененің төменгі бөлігінен қан шығынын төмендетіп және қан қысымын көтеріп, пациенттің жағдайын тез арада тұрақтандыруға мүмкіндік берді, содан кейін ол санитарлық авиация арқылы Семейдегі "Облыстық перинаталдық орталыққа" жеткізілді. Онда дәрігерлер консервативті ем жүргізді, содан кейін әйел үйіндегі жаңа туған баласының жанына сәтті шығарылды", – деген жақсы жаңалық медициналық орталықтан жетті.

Бұл оқиғалар осындай қарапайым медициналық құрал дәрігерлерге ана өмірі үшін күресте жеңіске жетуге көмектесетінін растайды. ДДҰ мен ЮНИСЕФ деректері бойынша NASG шокқа қарсы киімі ана өлімін төмендетуге арналған басымдықты құралдар тізбесіне енгізілген: құрылғы көп рет қолданылады, электр қуатына қосылуды талап етпейді және тіпті жедел жәрдемде босанатын әйелдерді ұзақ уақыт тасымалдау жағдайында да тиімді.

"Біздің жобамыз мемлекеттік және коммерциялық емес сектордың тиімді әріптестігінің тағы бір жарқын үлгісіне айналды. Бірлескен күш-жігердің арқасында ол небәрі 2 жылдың ішінде жүзеге асып, бүкіл елді қамтыды. Қолданылуы жеңіл әрі қолжетімді бұл медициналық құрал, әсіресе әр минуты қымбат саналатын шұғыл жағдайларда, дәрігерлерге өмірді құтқаруға нақты мүмкіндік береді. Акушерлік қан кетулер кезіндегі ауыр жағдайларды азайтуға бағытталған жаңа тәсілді тәжірибеге енгізу бастамасын қолдағаны үшін AYALA қайырымдылық қорына алғысымызды білдіреміз", – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова.

Халықаралық медициналық сарапшылардың бағалауы бойынша NASG-ді кеңінен қолданған кезде тиісті стерильді өңдеуден кейін көп мәрте – 100 ретке дейін пайдалану мүмкіндігінің арқасында бір өмірді құтқару құны бір долларға да жетпейді.

"Біз үшін еліміздің барлық перзентханалары мен жедел жәрдем станцияларын шокқа қарсы киіммен қамтамасыз етуге қатысу қордың еліміздің перинаталдық қызметін дамытудағы көпжылдық жұмысының қисынды жалғасы болды. "AYALA академиясы" жобасы арқылы біз акушерлер, акушер-гинекологтар және УДЗ-дәрігерлер алдыңғы қатарлы медициналық білімге қол жеткізуі үшін жыл сайын Қазақстанда жетекші халықаралық сарапшылармен ондаған тегін семинарлар өткіземіз. Біз Қазақстанның Орталық Азиядағы шокқа қарсы киімді қолдану тәжірибесі барлық жерде енгізіліп, құтқарылған ана өміріне серпін беретін алғашқы елдердің біріне айналғанына қуаныштымыз", – деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

Бұл жоба дәлелді медицинамен тексерілген қарапайым технологияларды енгізу елдегі денсаулық сақтау сапасын анықтайтын негізгі көрсеткіштерде ауқымды оң өзгерістерге алып келетінін көрсетеді.

  • 350 NASG жиынтығы
  • 100-ге дейін қайта пайдалану
  • болашақта 3500-ге дейін ана өмірін құтқаруға болады
  • 20 қалада оқыту жүргізіледі
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу