Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында бақ сынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отандасымыз 50 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында қашықтықты 28,85 секундта бағындырып, сегіз спортшының арасында жетінші орын алды.
Қытайлық Се Ичэнь 28,13 секунд нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды. Жапониялық Иори Миядзаки 28,42 секундпен күміс жүлдеге ие болса, Беларусь өкілі Максим Машлякевич 28,46 секунд нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу