Андрей Голубев St. Petersburg Open турнирінің жартылай финалына шықты

1053

ATP 250 сериялы турнирдің  жалпы жүлде қоры 932 мың АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаздар сыйақыдан бөлек 250 рейтингтік ұпайға ие болады.

Андрей Голубев St. Petersburg Open турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Монако өкілі Хьюго Ниспен дуэтте ширек финалда оңтүстік америкалық Сантьяго Гонсалес (Мексика)/Андрес Мольтени (Аргентина) жұбымен кездесті. Бір апта бұрын Гонсалес пен Мольтени Мәскеуде өткен тағы бір турнирдің бірінші раундында Голубев пен Нисті үш сетте - 5: 7, 7: 6, 10: 7 есебімен жеңді. Санкт-Петербургте тек бірінші сет қана тартысты өрбіді. Онда Андрей мен Хьюго тай-брейкте қарсыластарын қыспаққа алды - 7:6 (7:4). Екінші партияда бір брейк Голубев пен Ниске сетте 6:4 есебімен және жалпы матчта да жеңіске жетуге мүмкіндік берді.

Жартылай финалда қазақстандық пен Монако өкілі Денис Шаповалов (Канада)/Рохан Бопанна (Үндістан) жұбымен кездеседі.

Ал Францияның Брест қаласында өткен "Челленджер" сериялы турнирінде қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда француз Садио Думбия мен Фабиен Ребулға екі сетте 6:7, 2:6 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады. 

Сонымен қатар Бейбіт Жұқаев елордадағы Дәулет теннис орталығында өтіп жатқан халықаралық ITF World Tennis Tour M25 сериялы турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Ширек финалда Жұқаев канадалық Филип Пеливодан 7:6 (7:1), 5:7, 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу 2 сағат 14 минутқа созылды. ATP рейтингінде 746-шы орында тұрған 21 жастағы қазақстандық 21 эйс жасады және екі қателік жіберіп, қарсыласы допты ойынға қосу кезінде жалғыз мүмкіндікті пайдаланды. Канадалық сегіз рет қиыс кетіп, екі рет қателесті және 10 брейк-пойнттың төртеуін сәтті орындады. Қарсыластардың жеке кездесулеріндегі есеп Филиптің пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.

Бұдан бөлек Бебіт жұптық сайыста да сынға түсті. Ол тағы бір қазақстандық Тимур Хабибуллинмен бірге жартылай финалда Ян Шабанин (Ресей)/ Александр Лаоненко (Белаурсь) жұбына 2:6, 6:0, 8:10 есебімен жеңілді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу