Андрей Тихонов: "Төрешілер матчты бақылауынан шығарып алды"

2341

"Астана" сапынан Семир Смайлагич пен Тигран Барсегян көзге түсті.

Андрей Тихонов: "Төрешілер матчты бақылауынан шығарып алды"

"Астана" клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екінші жолдастық кездесуін өткізіп, ФНЛ-де бақ сынайтын "Чайка" клубына қарсы алаңға шықты. Қазақстандық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойыншылар арасынан елордалық клуб сапында қаралымнан өтіп жатқан босниялық шабуылшы Семир Смайлагич алғашқы голды соқты. Ал Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян екінші таймда гол соғып, көзге түсті. Ресейлік клуб есеп айырмашылығын қысқартуға тырысты. Бірақ матч соңында тек бір ғана гол соғылды.

Кездесу аяқталған соң "Астана" командасының бас бапкері Андрей Тихонов матч туралы өз пікірімен бөлісті.

"Бірінші таймда бізде жүзеге асыра алатын және ойынның тағдырын шешетін жақсы мүмкіндіктер болды. Бірақ сәттілік жетіспеді. Кейбір эпизодтарда қақпашы жақсы ойнады. Жалпы, футболшылардың қақтығысқан сәтіне дейін біз жақсы көріндік. Одан кейін футболшылардың жүйкесі жұқара бастады. Ешкім берілгісі келмеді. Ал футбол одан сайын нашарлай түсті. Қызыл қағаз көрсеткеннен кейін төрешілер матчтан қуылған ойыншыны ауыстыруға қарсы болды. Өйткені бұл жолдастық кездесу болғанымен, халықаралық матч болып есептеледі. Мен өз тарапымнан толыққанды қарсы болдым. Бірақ келесі жолы біз ережелерді сақтаймыз және алаңнан қуылған ойыншылардың ауысуына жол бермейміз.

Бұл оқу-жаттығу жиыны екендігі және ешкімнің ұтылғысы келмейтіні түсінікті. Бірақ бәрінен бұрын футбол ойнау керек. Кеше бәрі қатал әрі ережеге бағынбай ойнады. Сонымен қатар төрешілер матчты бақылауынан шығарып алды.

Екінші таймда біз қиын жағдайда болдық, бірақ алға ұмтылғанымыз жақсы. Бізде жұмыс істеуді, жақсартуды қажет ететін сәттер бар екенін көріп отырмыз және мұны жаттығу процесінде жасаймыз. Айта кету керек, бүгін бір топ жас футболшыларға мүмкіндік берілді және олар өте жақсы ойнады", - деді "Астана" футбол клубының бас бапкері Андрей Тихонов.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу