Сталкинг дегеніміз – адамның жеке өміріне қол сұғатын, жүйелі түрде мазасын алатын іс-әрекеттер, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Заңға енгізілген түзетулерге сай, зорлық-зомбылық болмаса да, адамның психологиялық жағдайына елеулі зиян тигізу қылмыс деп танылмақ.
Оған:
– адамның жеке шекарасын бұзу (қайта-қайта хабарлама жіберу, мазалап хабарласу);
– еркінен тыс ізіне түсу, яғни аңду;
– интернет арқылы бақылау, қорқыныш туғызу немесе алаңдаушылық жасау жатады.
Осы секілді іс-әрекеттер үшін:
– 200 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы – 786 400 теңге);
– 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс немесе түзеу жұмыстары;
– 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.
Сондай-ақ, Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бап – "Некеге мәжбүрлеу" енгізілді. Ол да қылмыстық құқықбұзушылық ретінде белгіленіп отыр.