Осылайша, футболдан биылғы мундиальдың 1/8 финалында доп тебетін тағы бір құрама анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қос құрама арасындағы ойын тартысқа толы болды. Әуелі конголық Брайан Сипенга матчтың небәрі 6-минутында мергендік танытты. Одан соң англиялық футболшылар 70 минут бойы таразы басын теңестіру үшін барын салды.
Ойынның екінші бөлігінде Англия құрамасы діттеген мақсатына жете алды. 75-минутта англиялық шабуылшы Гарри таблодағы көрсеткішті теңестіріп кетті. Мұнымен тоқтамай, ол 86-минутта тағы бір гол соғып, өз құрамасына жарқын жеңіс сыйлады.
Англия құрамасы қарсыласы Конго Демократиялық Республикасынан 2:1 есебімен басым түсіп, 1/8 финалға жолдама алып отыр.
Еске салайық, англиялықтар L тобында 7 ұпаймен бірінші орынға көтерілген еді. Олар Хорватияны 4:2, Панаманы 2:0 есебімен жеңсе, Ганамен 0:0 есебімен тең түсті.
Ал африкалық футболшылар K тобында үшінші орын алды. Олар Колумбиядан 0:1 есебімен жеңілсе, Португалиямен (1:1) ұпай бөлісіп, Өзбекстанды 3:1 есебімен қапы қалдырды.