Англия ұлттық құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына дайындық аясында Коста-Рикамен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ойын АҚШ-тың Флорида штатындағы Орландо қаласындағы Inter&Co стадионында өтіп, Англия құрамасының 3:0 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.
Кездесуде голдарды Деклан Райс (9-минут), Энтони Гордон (68-минут, пенальти) және Олли Уоткинс (87-минут) соқты.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Англия құрамасы L тобында Хорватия, Гана және Панама командаларымен бірге өнер көрсетеді.
Томас Тухель баптайтын ағылшындар турнирдегі алғашқы ойынын 18 маусымға қараған түні Қазақстан уақыты бойынша Хорватияға қарсы өткізеді.