Матчтың басты қаһарманы Букайо Сака болды. Англия шабуылшысы хет-трик авторы атанып, командасының жеңісіне зор үлес қосты. Сонымен қатар Деклан Райс, Эзри Конса және Джуд Беллингем де қарсылас қақпасынан саңылау тапты.
Франция сапында Килиан Мбаппе дубльмен көзге түсті. Алайда оның нәтижелі ойыны команданы жеңілістен құтқара алмады.
Осылайша, Томас Тухель жаттықтыратын Англия құрамасы әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтап, халықаралық аренадағы кезекті маңызды жетістігіне қол жеткізді.
Ал әлем чемпионатының жеңімпазы 19 шілде күні өтетін финалда анықталады. Бас жүлде үшін Испания мен Аргентина құрамалары таласады.