Ертең футболдан әлем чемпионаты аясында Англия мен Франция құрамалары қола жүлдеге таласады. Қос команда тарихта 42 рет кездескен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның 24-інде ағылшындар жеңіске жетсе, 12-сінде француздар басым түскен және 6 мәрте тең тарқасқан.
Айта кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалында Англия құрамасы Аргентинадан 1:2 есебімен жеңілді. Ал, Франция Испания құрамасына 2:0 есебімен есе жіберіп, шешуші ойынға жолдамадан қағылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу