Анна Баларшина Азия кубогында үздік ондыққа енді

90

Спортшы "жылдамдық" сайысында жетінші орын алды.

Анна Баларшина Азия кубогында үздік ондыққа енді Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Анна Баларшина Оңтүстік Кореяның Кунсан қаласында өткен спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңінде жетінші орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз әйелдер арасындағы "жылдамдық" сайысында үздік ондыққа енді. Ал Арина Новицкая 17-орынға тұрақтады. Ерлер арасында Жандос Қалыбай да 17-орын иеленді.

"Боулдеринг" сайысында қазақстандық спортшылар арасындағы нәтиже бойынша Азат Майкотов көрсетті. Ол 29-орынға жайғасты. Вадим Ишмухаметов 36-орын, Матвей Есипов 37-орын, Глеб Семешкин 39-орын алды.

Әйелдер арасында Айханым Айдарханқызы 19-орынға тұрақтаса, Полина Андреева 30-орын, Виктория Адаменко 35-орын иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу