Анна Черкашина жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының финалына шықты

234

Қазақстандық спортшы сырықпен секіруден ел рекордын жаңартты.  

Анна Черкашина жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының финалына шықты Фото: olympic.kz

АҚШ-тың Орегон штатында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан өкілі Анна Черкашина сырықпен секіруден іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды.

Отандасымыз 4,10 метр биіктікті бағындырып, шешуші кезеңге өтті. Бұл нәтиже U20 жас санатындағы Қазақстан рекордының жаңаруына мүмкіндік берді.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға үздік 13 спортшы шықты. Сырықпен секіруден әлем чемпионатының шешуші бәсекесі 8 тамызда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу