Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатындағы өнерін аяқтады. Ол әйелдер арасындағы жұптық сында сербиялық Александра Круничпен бірге ойнады. Шешуші матчта қазақстан-серб дуэті Чжан Шуай / Элисе Мертенс жұбына қарсы кортқа шықты.
Алғашқы сетте Данилина мен Крунич 6:7 есебімен жол берді. Екінші партияда олар 0:5 есебінен кейін төрт геймді қатарынан алып, керемет камбэкке жақын болды. Алайда қарсыластар басымдықты сақтап қалып, кездесуді 6:4 есебімен аяқтады.
Осылайша Чжан Шуай мен Элизе Мертенс Australian Open-2026 турнирінде әйелдер арасындағы жұптық сында жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Анна Данилина бұған дейін де Australian Open турнирінің финалында ойнаған. 2022 жылы ол Мельбурндегі шешуші матчта бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен жұп құрып, чехиялық Катерина Синякова / Барбора Крейчикова дуэтіне қарсы чемпиондық атаққа таласқан.
Сондай-ақ бүгін, 31 қаңтарда Қазақстан уақытымен 13:30-да әйелдер арасындағы жекелей сында финалда Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен ойнайды.