Анна Данилина Australian Open турнирінде сербиялық Александра Круничпен жарыстың финалына шықты.
Жартылай финалда Данилина мен Крунич турнирге бесінші нөмірмен тіркелген канадалық Габриэла Дабровски мен бразилиялық Луиза Стефани жұбын үш сетте жеңді – 7:6 (7:2), 3:6, 6:4.
Бұл – Анна мен Александраның Үлкен дулыға турнирлеріндегі екінші бірлескен финалы. Бұған дейін олар Франция ашық чемпионатының финалына дейін жеткен.
Анна мен Александраның шешуші матчтағы қарсыластар кейінірек белгілі болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу