Анна Данилина Бейжің турнирінде бір белесті артта қалдырды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Бейжің (Қытай) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шығып отыр.   

Анна Данилина Бейжің турнирінде бір белесті артта қалдырды Фото: olympic.kz

Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші Анна Данилина америкалық Дезире Кравчикпен бірге жұп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Олар алғашқы айналымда жапониялық Суко Аояма және қытайлық Тайбэй өкілі Энь Шо Лянмен ойнаған. 

Бірінші партияда қазақстандық-америкалық жұп 6:3 есебімен басымдылық танытса, екінші сет те дәл осындай есеппен жеңіске жетті. 

Анна Данилина мен Дезире Кравчик ширек финалға шығу үшін жаңазеландиялық Эрин Рутлифф – индонезиялық Алдила Сутджиадимен шеберлік сынасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу