WTA 250 финалында қазақстандық Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, тайвань-қытайлық дуэт Хао Чань / Синью Яньды 7:6, 6:4 есебімен жеңді.
Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық-сербиялық жұп басымдылық танытты — 7:6 (7:3). Екінші сетті Анна мен Александра брейкпен түйіндеді - 6:4.
Кливлендтегі жеңіс үшін қазақстандық- сербиялық жұп 250 рейтингтік ұпай және 11 480 доллар сыйақы алды.
Бұл маусымда Данилина мен Крунич Франциядағы ”Ролан Гаррос” турнирінің финалында ойнады. Ал келесі аптада олар US Open турниріне қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу