Анна Данилина Cleveland Championships турнирінің жартылай финалына шықты

338

Осыдан үш жыл бұрын Данилина – Крунич жұбы осы жарыста финалға дейін жеткен еді. 

Анна Данилина Cleveland Championships турнирінің жартылай финалына шықты

Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты. Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина – сербиялық Александра Крунич ширек финалда америкалықтар Кармен Корли – Ивана Корлимен кездесті.

Қазақстандық-сербиялық жұп матчты жақсы бастады – 6:4. Екінші сетте тай-брейкте америкалықтар есе қайырды – 7:6 (7:2). Дегенмен супер тай-брейкте Анна мен Александра шеберліктерінің басым екендігін танытты – 10:8.

Анна Данилина – Александра Крунич финалға шығу үшін чехиялықтар Анастасия Детюк – Мириам Скочпен кезедседі. Жартылай финалдық матч 22 тамыздан 23 тамызған қараған түні Қазақстан уақытымен 00:30-да басталады. 

Айта кетейік, Кливлендтегі турнир аяқталысымен қазақстандық теннисші US Open-2025 турниріне қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу