Анна Данилина Дубайдағы турнирдің ширек финалына шықты

189

Өткен аптада Анна Данилина Қатардың Доха қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирде чемпион атанған болатын. 

Анна Данилина Дубайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Анна Данилина мен Александра Круничтен құралған қазақстандық-сербиялық жұп Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Екінші айналымда олар П. Плипыч пен Р. Бхосале тандемін сенімді түрде жеңді. Матч 6:3, 7:6 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 44 минутқа жалғасты. 

Алғашқы сетте Данилина мен Крунич ойын тізгінін толық қолына алды. Екінші партияда қарсыластар есепті тай-брейкке дейін жеткізді. Алайда шешуші сәттерде қазақстан-сербиялық дуэт салқынқандылық танытып, кездесуді екі сетте жеңіспен түйіндеді.

Енді жартылай финалға шығу үшін Анна мен Александра Людмила Киченок – Дизайр Кравчик жұбына қарсы ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу