Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 турнирінің финалында сербиялық теннисші Анна Круничпен бірге кездесу фавориттері саналған Тейлор Таунсенд (АҚШ) / Катерина Синякова (Чехия) жұбымен ойнады.
Финалдық матч 1 сағат 35 минутқа созылып, америкалық-чехиялық дуэттің екі сеттегі жеңісімен аяқталды – 7:6 (7:4), 6:4.
Турнирдің финалына шыққаны үшін Данилина мен Крунич жұбы 247 870 доллар сыйақы алды. Осылайша, әр теннисші шамамен 123 935 доллардан табыс тапты. Сонымен қатар, спортшылардың әрқайсысына WTA рейтингінің 650 ұпайы берілді.
Беделді турнирдегі нәтижесінің арқасында қазақстандық теннисші WTA-ның жұптық сындағы live-рейтингінде өз орнын жақсартты. Данилина 6 895 ұпай жинап, әлемдік рейтингтің төртінші орнына көтерілді. Бұған дейін ол 6-орында тұрған еді.