Анна Данилина Истборн турнирінің ширек финалына шықты

669

Ширек финалдық матч бүгін елорда уақытымен 18:30-да басталады.

Анна Данилина Истборн турнирінің ширек финалына шықты

Анна Данилина Истборндағы (Ұлыбритания) WTA 500 турнирін сәтті бастады. Бірінші айналымдағы кездесуде қазақстандық теннисші Сюй Йифанмен (Қытай) бірге жапон қыздары Шуко Аояма (Жапония)/Эна Шибахараны 7:5, 7:5 есебімен ұтты. Бүгін, ширек финалда елорда уақытымен 18:30-да қазақстандық-қытайлық дуэт Д.Кравчик (АҚШ) / Д.Схурс (Нидерланды) жұбына қарсы өнер көрсетеді.

Дәл сол Истборн қаласында Юлия Путинцева Камилла Рахимовамен (Ресей)  бірге америкалық Джессика Пегула/Кори Гауфф жұбына есе жіберді - 2:6, 1:6.

Ерлер арасында Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов (138 ATP) Уимблдонның екінші кезеңіне өте алмады. Алғашқы айналымда Тимофей Бельгия өкілі Киммер Коппеянспен кездесті (187 ATP). Матч тартысты өтті. Қазақстандық бірінші сетті өз еншісіне жазса, екіншісінде қарсыласы мықтырақ болды. Үшінші кезең тартысты өтті. Онда Коппеянс 6:7 (3:7), 6:4, 7:6 (13:11) есебімен жеңіске жетті.

Ал Уимблдон-2022 жеңімпазы, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Истборндағы (Ұлыбритания) WTA-500 турниріне қатысудан бас тартты. Елена Ролан Гаррос кезінде вирус жұқтырғаннан кейін өзінің әлі де 100% дайын емес екенін айтты. Ол  22 жастағы қытайлық Сию Вангпен (№73) ойнауы керек еді.

"Шын мәнінде, ауру өте ауыр болды. "Ролан Гаррос" турнирінен шыққаннан кейін қонақүйге қайта оралдым және жағдайым бұрынғыдан да нашарлады. Сондықтан Парижде бірнеше күн тұруға тура келді. Мен тіпті бөлмеден шықпадым. Содан бір аптадан кейін жаттыға бастадым. Бұл өте қиын болды. Мен физикалық тұрғыдан 100% дайынмын деп ойламаймын. Бірақ біртіндеп жақсарып келемін. Уимблдонда өзімді жайлы сезінемін деп үміттенемін. Мен бірінші рет бұл жарысқа чемпион ретінде қатысамын. Барлығы мені фаворит дейді. Өткен жылғы тәжірибе маған көмектеседі. Уимблдонға әлі бір апта бар. Менің ойымша, қайта оралғанда басқа көңіл-күй мен басқа дайындық болады", - деді Рыбакина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу