Анна Данилина қатарынан екі финалда жеңіліп қалды

140

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Лондон (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінде өнер көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Анна Данилина қатарынан екі финалда жеңіліп қалды Фото: Жеке парақшасынан

Отандасымыз ресейлік Диана Шнайдермен бірге жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген еді.

Олар финалда доданың 4-ракеткалары, америкалық Айша Мухаммад – нидерландтық Деми Схурспен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Америкалық-нидерландтық жұп ширек финалда қазақстандықтар Юлия Путинцева – Елена Рыбакинаны (6:1, 7:5) есебімен қапы қалдырған еді.

Содан кейін жартылай финалда турнирдің 1-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – жаңазеландиялық Эрин Рутлифті айқын басымдықпен ұтты – 6:1, 6:2.

Ал Анна Данилина үшін бұл қатарынан екінші финал еді. Қазақстандық теннисші осының алдында спорттық жолында алғаш рет Ролан Гаррос турнирінің финалына дейін жетті.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 5:4 болып, қазақстандық-ресейлік жұп сетке доп бергенде, сол мүмкіндікті пайдалана алмады – 5:7.

Екінші сетте олар 5:1есебімен алға кеткенімен, қарсылас дуэт таразы басын теңестірді. Дегенмен тай-брейкте Данилина – Шнайдер басымдылық танытты – 7:6 (7:3).

Супер тай-брейкте америкалық-нидерландтық жұп дес бермеді – 10:4.

Тартысты матч 1 сағат 45 минутқа созылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу