Анна Данилина мен Юлия Путинцева Азия ойындарында қола алды

186

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында бақ сынады.  

Анна Данилина мен Юлия Путинцева Азия ойындарында қола алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Юлия Путинцева Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жұптық сында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жартылай финалда қазақстандық жұп Қытайлық Тайбэй өкілдері Се Шувэй мен Лян Эньшомен кездесті. Тартысты өткен матчта қарсыластар екі сетте де басым түсіп, 7:6 (7:3), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Данилина мен Путинцева жұптық сында Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, Юлия Путинцева бұған дейін жекелей сында да қола медаль жеңіп алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу