WTA 1000 санатындағы Катар ашық чемпионатының жұптық сындағы финалында Анна Данилина мен Александра Крунич Су Вей Си/Елена Остапенко жұбын 0:6, 7:6, 10:8 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық-сербиялық жұп турнирдің чемпионы атанды.
Екінші сетте Данилина мен Крунич 2:5 есебінен кейін камбэк жасады.
Данилина мен Крунич осы жеңістері үшін 195 мың АҚШ доллар (шамамен 96,3 миллион теңге) сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болды.
Бұл қазақстандық-сербиялық жұптың биылғы маусымдағы екінші финалы. Олар бұған дейін Australian Open турнирінде де чемпиондық атақ үшін ойнаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу