Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің финалына шықты

281

Қазақстандық теннисші спорттық мансабында үшінші мәрте "Үлкен дулыға" турнирінің финалында өнер көрсетеді. 

Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің финалына шықты Фото: ҚТФ

Анна Данилина жұптық сында "Ролан Гаррос" турнирінің финалына жолдама алып, қазақ теннисі үшін тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді.

Сербиялық Александра Круничпен жұптасқан Анна жартылай финалда жапониялық Эри Хозуми мен норвегиялық Ульрике Эйкериге қарсы тартысты матчта басым түсті – 6:7, 6:3, 7:5.

Бұл Данилинаның "Үлкен дулыға" сериясындағы үшінші финалы. 2022 жылы ол Аустралия ашық чемпионатының финалында (Беатрис Хаддад Майямен бірге), ал 2023 жылы US Open турнирінде аралас жұптық сында жеңімпаз атанған еді (Харри Хелиоваарамен бірге).

Енді міне, әлемнің ең беделді турнирлерінің бірі – "Ролан Гаррос" финалында ел намысын қорғайды.

Финалға жолдама Анна мен Александраға 295 мың еуро көлемінде жүлде әкелді. Бірақ бұл жай ғана табыс емес, бұл қажырлы еңбектің жемісі.

Анна WTA рейтингінде жеке рекордын жаңартты. Ол жұптық сында әлемнің 7-ракеткасы атанады. Бұл қазақстандық теннис тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Дегенмен, екінші жартылай финал нәтижесінен кейін позициясы сәл өзгеруі мүмкін. Бірақ, Аннаның әлемдік элита қатарына енгені даусыз.

Финалдағы қарсыластар әзірге анықталған жоқ. Қалған жартылай финалда мына жұптар кездеседі: Мирра Андреева / Диана Шнайдер – Сара Эррани / Жасмин Паолини.

Алда үлкен финал. Жеңіске бір қадам қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу