Анна Данилина US Open турнирінің финалына шықты

777

Финалдық матч 9 қыркүйекке жоспарланған. 

Анна Данилина US Open турнирінің финалына шықты Фото: kff.kz

Анна Данилина мен финляндиялық Харри Хелиёваара 2023 жылғы АҚШ ашық чемпионатында аралас жұптық сында (микст) финалдық кездесуінде өнер көрсетеді. Жартылай финалда қазақстандық-финляндиялық жұптық жапониялық Эну Сибахара мен хорватиялық Мате Павичпен сынға түсіп, Анна мен Харри жеңіске жетті – 7:6 (7:2), 6:4. Бір жыл бұрын жапониялық теннисші голландиялық Уэсли Колхофпен бірге "Ролан Гарросты" жеңіп алса, хорватиялық теннисші микстте "Үлкен дулыға" турнирлерін үш рет жеңіп алды.

Финалда Данилина мен оның серіктесі қазіргі АҚШ ашық чемпионатының бірінші нөмірлі ракеткалары болып тіркелген америкалық Джессика Пегула/Остин Кричек жұбымен кездеседі.

28 жастағы отандасымыз қазір жұптық сын бойынша рейтингте 29-шы орында, ал жыл басында ол үздік 10-дықтың қатарынан көрінді. Өткен маусымда Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен бірге Аустралия ашық біріншілігінің финалына дейін жетсе, жазда Уимблдондағы микстте ширек финалдан тоқтады.

Финалдық матч 9 қыркүйекке жоспарланған. Данилина мен Хелиёваара екеуі финалға шыққандары үшін 85 000 доллар сыйақы алады. Ал егер олар жеңсе, финалда 175 000 долларды бөліседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу