Мұз айдынына он үшінші болып шыққан Софья Самоделкина өз қойылымын мінсіз орындап, 138.99 ұпай еншіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қос бағдарламаның қорытындысы бойынша, отандасымыз 207.46 ұпаймен 10-орынға табан тіреп жеке мансабындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Америкалық әнші Николь Шерзингер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға алғыс білдірді.

"2026 жылғы Олимпиадада менің Sunset Boulevard әніме жасаған әсерлі өнерің үшін рахмет", – деп жазды ол Instagram парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу